Қазақстандықтардың орташа жасы 32 жасты құрады

Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды

stan.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың басында қазақстандықтардың орташа жасы 32 жасты құрады.

"2018 жылдан бастап орташа жас өсті. Орташа жастың ұлғаюы ерлер мен әйелдерде де, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалды. Ағымдағы жылдың басында ерлердің орташа жасы 30,5 жасты, әйелдер - 33,7 жасты құрады. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарынан жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас", - делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

Солтүстік Қазақстан облыстары арасында ең жоғары орташа жас – 38,9 жас, ең төменгі – Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жас.

Loading...