"Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық"

Ол бұзақылық бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталуда

tengrinews.kz

Әнші Қайрат Нұртас 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол бұзақылық бабымен қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталуда, – деп хабарлайды Аikyn.kz Михаил Козачковтың telegram-арнасына сілтеме жасап.

«Танымал әнші Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ бортында жанжал шығарды. Салдарынан жолаушы Асылбек Бекқайыров зардап шекті. Ұшақ командирі оқиға орнында полиция шақырды. Төбелес шығарған екі азамат та полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қайрат Нұртасқа қасақана жеңіл зиян келтіру және бірнеше рет ұсақ бұзақылық жасағаны үшін хаттама толтырылды», – делінген хабарламада.

Журналисттің жазуынша, сотқа дейінгі тергеу басталған. Әншіге қатысты қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

«Нұртасқа қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі – «Әуе кемесінің бортында жасалған бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясында айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», – делінген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.

Loading...