Алматылықтар биыл жылуға артық төледі: Кімдер ақшасын қайтара алады

Алматылықтарға қызмет құны қайта есептелді. Себебі қыста тұрғындар компанияға 95 миллион теңге артық төлегені белгілі болды.

Фото видеокадрдан скриншот жасалған

Дегенмен ақшаны қайтаруды кез келген адам талап ете алмайды дейді мамандар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей коммуналдық кәсіпорындар өткен жылыту кезеңін қайта есептейді. Сарапшылардың айтуынша, пәтерлердегі батареялардың ыстық немесе ыстық еместігі сырттағы ауа температурасына тікелей байланысты. Жылу беруді көбейтуге немесе азайтуға болады. Тұрғындарға артық сома тек жылы маусымдар үшін қайтарылады.

Бірақ коммуналдық жалпы жылу есептегіші жоқтар ғана ақшасын қайтара алады. Есептегіш бар болған жағдайда төлем құнына сәйкес есептеледі. Төлем тұтыну кезінде жүзеге асырылады.

Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы бойынша департаментінің басшысы Әсел Буденеева ақша тұрғындарға "аванс" түрінде қайтарылатынын атап өтті.

"Қайта есептеу нәтижесінде шыққан қаражатты қайтару тұтынушылардың жеке шотында жаңа жылыту кезеңінде (2023-2024 жж.) немесе күнтізбелік жылда (соңына дейін) аванс түрінде көрсетіледі. Осылайша, 2023-2024 жылдары жылу беру кезеңінде есепке алу құрылғылары жоқ тұтынушылар үшін жылу энергиясына төлем ҚҚС-ты есепке алғанда жалпы сомасы 95,405 млн теңгеге қайта есептеледі", – деді Әсел Буденеева.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда коммуналдық кәсіпорындар абоненттердің жылу энергиясы үшін қарызын сот арқылы өндіріп, берешегі толық өтелгенше олардың ыстық суын өшірмек. Компания борышкерлерге ыстық су беруді шектеу мәжбүрлі шара екенін баса айтты. Кәсіпорын мұндай шараға баруға мәжбүр. Өйткені тұтынушылардың жылумен жабдықтау қызметтерін төлемеуі алдағы жылыту маусымына толық дайындық пен тиісті түрде өтуді қамтамасыз етуге кері әсерін тигізеді.

Loading...