Димаш Құдайберген елден кететінін айтты

Сені күтетін боламыз!

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген бүгін, 2024 жылғы 4 шілдеде алдағы жоспарымен бөлісіп, шетелде кететінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің Instagram парақшасындағы жазбаға сүйенсек, жақында ол музыкалық фестивальге қатысу үшін Сербияға аттанбақ.

"Алты күннен кейін Сербияда - EXIT Festival-де кездескенше", деп жазды Димаш Құдайберген.

Жанкүйерлер, әдеттегідей әншінің бұл жаңалығын да қуана қабылдады:

  • "Сербиялық Dears-тар Сізді асыға күтеді".
  • "Уау! Қандай кереметсіз! Біз сені жақсы көреміз! Біз сағындық сені! Сені күтетін боламыз!"
  • "Бұл керемет шара болады. Буракпен уақытты көңілді өткізесіз деп үміттенемін! Ал мен міндетті түрде көңілді боламын!".

Loading...