Павлодар облысында өз басына оқ атқан полиция қызметкері ауруханада көз жұмды

2002 жылы туған жас жігіт үйге түскі асқа келіп, қызметтік қарумен өз басына оқ атқан.

Фото: kerek_pv

Павлодар облысы Ертіс ауданындағы кіші сержант есін жимай көз жұмды. Дәрігерлер Романды аман алып қала алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2002 жылы туған жас жігіт үйге түскі асқа келіп, қызметтік қарумен өз басына оқ атқан.

Бұған дейін ол өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба қалдырған. Полиция тергеуді бастады.

"Аталмыш факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Loading...