Қырғызстандағы сел: Тағы екі қазақстандық баланың денесі табылды

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабының мәліметінше, тағы 2 баланың мәйіті табылды.

Фото: mir24.tv

Олар лай көшкіні салдарынан жоғалып кеткен Қазақстан азаматтары. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жедел түрде құжаттар рәсімделіп, қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр. Қаза тапқандардың туыстарына қазақстандық дипломаттар барынша көмек көрсетіп жатыр.

"Жақын арада қаза тапқан 4 баланың барлығының денесі Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің бортында Отанына жеткізіледі", – делінген хабарламада.

Жұма күні кешке Ноокат ауданында жойқын сел болды. Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан сел он ауланы басып, Әбшір-Ата ауылындағы екі көпірді зақымдады. Тескей-Қожоқ ауылында 15 шаруашылық пен жергілікті мектеп зардап шекті. Қара-Бұлақ ауылында лай ағындары көлік пен көпірді алып кеткен. Тәжі-Қыштақ ауылында сел жеті аула мен бірнеше сарайды басып қалды. Ош-Раззақов тас жолындағы көпір зақымданған.

Loading...