Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салынуы мүмкін деген болжам бар

Вице-министр Тамара Дүйсенова Қазақстан азаматтарына зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салуды қолдай ма, жоқ па қажетті есеп-қисап жасалған соң белгілі болатынын мәлімдеді.

ашық дереккөзі

Вице-министр Тамара Дүйсенова Қазақстан азаматтарына зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салуды қолдай ма, жоқ па қажетті есеп-қисап жасалған соң белгілі болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Премьер-министрдің орынбасары мәселені актуарлық есептерді көріп, әр қазақстандықтың жеткілікті жинақтары барына көз жеткізгенде ғана қолдайтынын айтты.

“Меніңше, адамның зейнетке шыққанда ең төменгі мөлшерде зейнетақы алып, кейін атаулы әлеуметтік көмек сұрап келуі дұрыс емес. Сондықтан енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры актуарлық есептеулер жүргізуі керек. Сонда ғана “қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын алуға тыйым салына ма?” деген сұраққа жауап беруге болады”, – дейді Тамара Дүйсенова.

 

Loading...