Қазақстандағы су тасқыны: Бизнесмендер көмек ретінде жинаған қаражаттың көлемі белгілі болды

Қазіргі таңда қаржының 40 пайызға жуығы игерілді.

stan.kz

Қазақстан үкіметі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмекке кім және қанша қаражат бөлгені көрсетілген кесте ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың сөзінше, қазіргі таңда қаржының 40 пайызға жуығы игерілді. 

"Көптеген журналистер су тасқынынан зардап шеккендерге қандай кәсіпкерлер, қалай көмек көрсеткенін немесе көмек көрсетіп жатқанын нақты айтып беруімізді сұрайды. Бұл кестеде өңірлер бойынша қандай кәсіпкерлерге және қазіргі таңда тұрғын үйді сатып алуға және жөндеуге қандай сомалар бөлінгені көрсетілген. Олардың біразы "Демеу" және "Қазақстан халқы" қорларына қаржы аударды. Қалғаны, аймақтардағы қорларға аударады немесе жергілікті кәсіпкерлер көмектесіп жатыр. Қазіргі таңда қаржының 40 пайызға жуығы игерілді. Бірақ біз әлі жаздың ортасына жеткен жоқпыз, біз кесте бойынша жұмыс істейміз", - деді вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Ақмола облысы

Мұнда көмекті Вячеслав Ким (5 миллиард теңге), "Казцинк" (3 миллиард теңге), Болат Өтемұратов (1 миллиард теңге), Сергей Кан (500 миллион теңге), Айдын Рахымбаев (200 миллион теңге), "Қазақстан халқына" (3, 67 миллиард теңге) жіберді. 

Ақтөбе облысы

Көмекті ERG (15 миллиард теңге), Болат Өтемұратов (10 миллиард теңге), Айдын Рахымбаев (2 миллиард теңге), Алидар Өтемұратов (500 миллион теңге), "Қазақстан халқына" (530 миллион теңге) жіберді.

Атырау облысы

Тимур мен Динара Құлыбаевтар (30 миллиард теңге), "ҚазМұнайГаз" (7 миллиард теңге), Кеңес Рақышев (1,2 миллиард теңге), Айдын Рахымбаев (1 миллиард теңге), Jusan bank (1 миллиард теңге), "Қазақстан халқына" (2, 6 миллиард теңге).

Батыс Қазақсан облысы

ERG (20 миллиард теңге), Нұрлан Смағұлов (5,55 миллиард теңге), Бақытбек Байсейітов (5,5 миллиард теңге), Нұрлан Артықбаев (5 миллиард теңге), Ғалымжан Есенов (5,7 миллиард теңге), Бахридин Әбләзімов (2,7 млрд теңге), Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг (2 миллиард теңге), Айдын Рахымбаев (1 миллиард теңге), Фаррух Махмудов (1 миллиард теңге), Сайдулла Қожабаев (1 миллиард теңге), Болат Өтемұратов (1 миллиард теңге), "Конденсат" АҚ (560 миллион теңге), "Жайық Мұнай" АҚ ( 560 миллион теңге), World Green Company (1 миллиард теңге), "Қазақстан Халқына" (3,19 миллиард теңге).

Қостанай облысы

ERG (4,5 миллиард теңге), "Базис-А" (3,3 миллиард теңге), Андрей Лаврентев және Юрий Цхай (3 миллиардтеңге), Данияр Әбілғазин (2 миллиард теңге), Қайрат Мәжібаев (1,46 миллиард теңге), "Қазақстан халқы" (2,46 миллиард теңге).

Солтүстік Қазақстан облысы

Владимир Ким, Эдуард Огай, Олег Новачук (40 миллиард теңге), Вячеслав Ким (15 миллиард теңге), Сергей Кан (1 миллиард теңге), "Қазақстан халқы" (2,7 миллиард теңге).

"Демеу" қоры 35 миллиард теңге, ал "Қазақстан халқына" 6,5 миллиард теңге жинады.

Жиналған қаражаттың жалпы сомасы 250,5 миллиард теңге болды.

Loading...