"Саған сіз деп сөйлеу артық": Ахметбек Нұрсила баласындай жігіттен күтпеген сөз естіді

Ахметбек Нұрсила Фейсбук желісінде қазақ ұлыларының шығармаларынан үзінді жариялаған

Фейсбук парақшасынан алынды

Кәсіпкер, алғашқы қазақтілді бизнес-тренерлердің бірі Ахметбек Нұрсила Фейсбук желісінде қазақ ұлыларының шығармаларынан үзіндіні авторсыз жариялаған. Сондай-ақ үзіндіге жазылған елдің пікіріне көңілі толмаған сияқты. Бұл туралы OnNews.kz тілшісі хабарлайды.

"Абай, Ахмет Байтұрсын, Мыржақып, Әлихан, Мағжан тағы басқа қазақ ұлыларының шығармаларынан авторларын көрсетпей үзінді жазсаң мынандай комменттер оқисыз:

1. Гозел Кулжабаева - Бір ақымақ жазған.

2. Сандугаш Муса - Сонда X ғасырдан исламға бет бұрдық дегенде оған дейін заманда қазақ жазу-сызу болмағаны ма🥸жарайды жазу-сызуды, сөйлеспеген де, тіпті сөз де болмаған ба🤦🏽‍♀️🤦🏽‍♀️🤦🏽‍♀️😡😡😡күйдіргі, күйдірдің ау дейтін бұрынғы, ұмытылып бара жатқан сөзімізді айтпасақ болмас!

Бұл қазіргі жастардың Абай, Ахмет, Мыржақып, Әлихандарды мүлде оқымайтындықтарын көрсетеді. Абайдан да талай рет үзінді салып "Мынаны қай ақымақ жазған" секілді комменттерге қарық болған едім",- деп жазды кәсіпкер Ахметбек Нұрсила

Баламмен жасты болар деген жігітке де арнап пост жариялаған.

"Алмат Әбдіраман деген жас жігіт, менің баламмен жасты болу керек.. Көркем мінезді, мәдениетті, мұсылман жігіт екен. Мен Ахмет Байтұрсынның Әдебиет танытқыш атты еңбегінен үзінді жазып едім соған осылай мәдениетті түрде құсып, құсып кетіпті"

 

 

Loading...