25 маусымға арналған ауа-райы болжамы

Елдің Батыс бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейді.

Ашық дереккөзі

Синоптиктер 25 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Елдің Батыс бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейді.

Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс, солтүстік пен шығыс аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жауады. 

Оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Абай, Жетісу, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде де аптап ыстық сақталады. 

Ақтөбе, Алматы, Ұлытау, Абай, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, Павлодар, Атырау облыстарында жоғары өрт қаупі бар. 

Атырау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Loading...