Аттракционнан секіріп қайтыс болған әйелдің туған қызын өлтіргені анықталды

Алматы облысының полиция департаменті қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады

Фото: бейнеден скриншот

Алматыдағы Орталық демалыс саябағында шолу дөңгелегінен секірген қыз өз-өзіне қол жұмсамас бұрын қызын тұншықтырып өлтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысының полиция департаменті қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

"Кәмелетке толмағандардың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Алматы облысының ПД.

Сондай-ақ, қайтыс болған әйелдің Алматы облысының Іле ауданында тұрғаны хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға бүгін таңертең Алматыда болған. Әйел шолу дөңгелегінен секіріп кеткен. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен адам жедел медициналық көмек келгенге дейін қайтыс болғанын хабарлады.

Loading...