БҰЛ ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚШАСЫ - ҚАЗАҚША ЕМЕС - Қазыбек Иса

"Түсініксіз тілде! Бірақ қазақша емес"

paryz.kz

ҚР Парламенті Мәжілісі VIII шақырылымы екінші сессиясының бірінші жалпы отырысы депутат Қазыбек Исаның қазақ тіліне байланысты наразылығымен басталды.

-Біз қабылдауға алып отырған мынау заң жобасы тақырыбының қазақшасы - қазақша емес! Соны айтайын деп едім-деді ол.

-Қай тілде екен?-деп сұрақ қойды депутатқа Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

-Түсініксіз тілде! Бірақ қазақша емес. 

-Жақсы! Еділ Терекбайұлы, комитетте заң жобасымен жұмыс істегенде, жұмыс тобында осы ұсынысты қарастырасыз.

-Мен өз ұсынысымды айтып жіберейін. 

“Халықаралық су ағындарын кеме жүрмейтін пайдалану түрлерінің құқығы туралы конвенцияны ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасы заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде” деген сөзден ешнәрсе түсінген жоқпыз.

Аударма қате, дұрыс емес. Негізі бұл заң жобасының аты қазақша: “Халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерінің пайдалану құқығы 

туралы конвенцияны ратификациялау туралы” болуы тиіс.

-Жалғыз сіздің айтқаныңыз ақиқат болмайды ғой?! Оны қарау керек қазір жұмыс тобында.-деді спикер.

-Бұл менің өз ұсынысым. Талқыланады ғой.

-Жақсы. Мүмкін солай шығар. Иә, мұнда кейбір сөздер өз орнында тұрмаған сияқты.

Бұл заң жобаларының қазақшасының түсініксіз, нашарлығы Парламентте заң жазу алдымен мемлекеттік тілде болуы керек деген ұсыныстың бекер емес екенінің дәлелі.

Өткен сессияда бұрынғы вице-премьер А. Көлгінов 2024 жылдан бастап, парламентке заңдар алдымен мемлекеттік тілде жазылып келетіні туралы айтқан болатын.

Мемлекеттік тіл туралы заң қабылданбай, көрген күніміз осы!?

Азамат Тасқараұлы, 
Қазақ үні

Loading...