«Сөйлей алмайды»: Отарда комаға түскен сарбаз есін жиды

Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде.

Фото: astanatv.kz

Жамбыл облысында әскерде жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз өз-өзіне келді. Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол қиын сәтте дәрігерлерге және барлық қазақстандықтарға отбасын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

«Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз! Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде. Бізді таниды, бұрын жасалған трахиостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Бірақ жағдайы ауыр, диализ жасалады, ол шамамен 6-8 сағатты алады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бұл үшін оларға ерекше алғыс айтамыз», - деді Тимур Жаналин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандықтың бейнеөтініші пайда болып, оның әскерде борышын өтеп жүрген 19 жастағы жалғыз ұлы комада жатқанын және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғанын хабарлады.

Loading...