"Құттықтап қойыңыздар". Мөлдір Мұқанова халықтан сүйінші сұрады

Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде оқырмандарынан сүйінші сұрады

Фото: әлеуметтік желіден

Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде оқырмандарынан сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол киноға түсіп жатқанын айтты.

"Ал менде осындай жаңалық. "Сізді сериалға түсуге шақырамыз" деген қоңырау түскенде толқығаным рас. Енді алғашқы ресми түрде (деп қойяыншы) шақыртылуым ғой. Кеше тағы бір қоңырау түсті.Ол жаңалықты кейін айтамын, бұйырса. Құттықтап қойыңыздар, достарым. Біреудің қуанышына шын қуанған адамға қуаныш еселене келеді. Өз тәжірибемнен білемін", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары оған сәттілік тіледі.

"Оңынан болсын!", "Әр қадамыңызға, Алла сәттілік сыйласын. Алғашқы шақыртумен бітпей, бұдан кейін де талай жобаларға шақырту келе берсін! Құтты болсын! Бойыңызда Алла берген өнер де, талант та баршылық. Сіз, бәріне лайықтысыз", "Құтты болсын, Мөлдір қыз, жарайсың осылай шуағыңды шашып жүре бер, көңіл әрқашан көтеріңкі болсын!" - деді олар.

Loading...