«Арманымды орындадым»: 10 жасар бала Роналдумен фотоға түсу үшін алаңға жүгіріп шықты

Футбол матчтарында мұндай әрекетке қатаң түрде тыйым салынған

Фото: Bild

Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Португалия мен Түркия арасындағы кездесудің 68-минутында 10 жасар Берат есімді бала Криштиану Роналдумен фотоға түсу үшін алаңға жүгіріп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Bild басылымының мәліметінше, Берат әкесімен бірге трибунада болған. Ойын барысында әкесіне дәретханаға баратынын айтып, кетіп қалған.

«Енді Криштиану Роналдумен бірге түскен суретім бар. Бұл енді менің футболкамда және бөлмемде болады», - деді Берат.

Баласының бұл қылығына әкесі былай деп пікір білдірді:

«Бір қарағанымда оны қосалқы құрам отыратын қатардың төбесінен көрдім. Ары қарай алаңға жүгіріп шықты», - дейді әкесі.

Берат бұл істі жоспарлап отырғаны туралы ойынға дейін достарына айтыпты. Бірақ қолынан келетініне ешкім сенбеген.

Футбол матчтарында мұндай әрекетке қатаң түрде тыйым салынған. Ал Берат бала болғаннан кейін тек ескертумен құтылған.

«УЕФА бұған көз жұмған шығар, өйткені ол кішкентай», - дейді баланың әкесі.

Loading...