Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді мерекесімен құттықтады

Президент Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады

Фото Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерді мерекесімен құттықтады.

“Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын!” – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Loading...