"Не деп көкіп отырсың?": Назарбаев Дулат Исабековты не үшін сотқа бермекші болды?

Нұрсұлтан Назарбаев жазушыны сотқа бермек болған.

alash.kz

Белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабеков экс-президент оған шындықты айтқан мақаласы үшін қалай шүйліккенін баяндап берді, деп хабарлады Alash.kz.

Бұл туралы  Adal adam youtube арнасына сілтеп Skifnews.kz ақпарат порталы жариялады. 

Нұрсұлтан Назарбаев жазушыны сотқа бермек болған. 

Мен өмір бойы Назарбаевтың саясатына қарсы болдым. Мені сотқа беремін  деген сонда да тілімді тартқан жоқпын. Жазушының принциптері болуы керек. Одан тайдың ба, жазушы емессің. “Казахстанская правда” газетіне “Ауыл уходит в небо" деген мемлекеттік жүйенің тас-талқанын шығарған мақалам шықты ғой.

Ауылдың аянышты халін ашынып жаздым. Қойшы таяғын ұстап қалды. Механизатордың бәрін сатып жіберді. Механиктер қолына балға ұстап қалды. Тонады ғой бәрін. Бейне бір ертең осы елге ешнәрсе керек болмайтындай түгел сатып жіберді.

Клубты, кинотеатрды, кітапхананы жойды, балабақшаны тоқтатты. Сол кезде мені Көшербаев шақырып алды. "Сені қазір Президент шақырады" деді. Кірдім, "отыр ана жерге" деді.

Қорландым, қанша дегенімен, жазушымын ғой. Жазушы деген ұғымды қорлағандай көрінді. Сіз отырмай, отырмаймын дедім. "Мынау не?" деп бастады.

"Біз мына мемлекетті тұрғызамыз деп әлек болсақ, сен тас-талқанын шығардың, дедім. Қатты ашуланып, сотқа беремін" деді. Беріңіз дедім. “Бірақ комиссияны аппараттан құрмайсыз” дедім. "Не деп сөйлеп отырсың, не деп көкіп отырсың" деді. Комиссия құрды, бірақ осы уақытқа дейін хабар жоқ қой”, – деді жазушы.

Loading...