Астанадағы алапат өрт: Ғимараттан 8 адам эвакуацияланды

Астанадағы “Хан Шатыр” сауда үйінің маңындағы алапат өрт кезінде 8 адам эвакуацияланды.

stan.kz

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, эвакуацияланғандар ішінде бір бала бар. 

“Нақтыланған ақпаратқа сәйкес ғимараттың қасбеті өртенген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер 3 ранг бойынша жұмыс істеп жатыр. 16 бірлік техника мен 72 адам жұмылдырылды. Ғимарат әкімшілік, жартылай тұрғын үй. Өрт болған жерде штаб құрылды. Эвакуация жүріп жатыр. Құтқарушылар 8 адамды шығарды, олардың біреуі бала”, – делінген хабарламада.

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада “Хан Шатыр” сауда орталығының маңындағы тұрғын үй кешендірінің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлаған едік. 

Loading...