Астанада «Хан Шатыр» сауда орталығының маңында тұрғын үйден өрт шықты (видео)

Кадрдан түтін  ғимаратты толығымен тұмшалағанын байқауға болады.

stan.kz

Астанада “Хан Шатыр” сауда орталығының маңындағы тұрғын үй кешендірінің бірінде өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрдан түтін  ғимаратты толығымен тұмшалағанын байқауға болады. Ал төтенше жағдайлар министрлігі қазір өртті ауыздау үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

“Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келді. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша тұрғын үй кешенінің 26-қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды”, – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ желідегі “Қазақмыс” ғимаратының өртенгені туралы ақпарат жалған болып шықты. 

 

Loading...