ММА экс-чемпионы ислам дінін қабылдады

ММА спортшысы Джефф Монсон ислам дінін қабылдады.

Фото: instagram / Джефф Монсон

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

Джефф Монсон ислам дінін қабылдап, Мәскеуде кәлимаға тілін келтірді.

«Мен исламды саналы түрде қабылдаймын. Осы қиын кезеңде бауырларыммен бірге болғым келеді. Мен бұл туралы көп ойладым, бірақ бұл шешуші қадамым»,–деді Монсон.

Джефф Монсон 53 жаста, оның рекордында 60 жеңіс, 26 жеңіліс және 1 тең ойын бар. Монсон  АҚШ азаматтығынан 2018 жылы бас тартып,  Ресей Федерациясы азаматығын алды. 2023 жылдың қыркүйегінде «Единая Россия» партиясынан Башқұртстан Мемлекеттік Жиналысына депутат болып сайланды.

Loading...