Алматыда ірі зауыттың ашылу салтанатына жұмысшылардың орнына актерлер жалданған

20 маусымда Алматыдағы "Алатау" инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркейтін мобильді кешен шығаратын жаңа зауыт ашылды.

Фото: CMN.KZ скриншоты

Салтанатты шара жарнамасына компания қызметкерлерінің орнына актерлердің қатысуы қоғамда наразылық тудырды. Кастингке кімдер қабылданғаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CMN.KZ порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркиядан Қазақстанға жоғары технологиялар әкелініп, "Alatau Smart Technology Kazakhstan" ЖШС зауытының салтанатты ашылуына инвесторлар, ішкі істер министрлігінің өкілдері мен журналистер шақырылған. Компания өңірлерде филиалдарын ашып, "үш жыл ішінде елдің қауіпсіздік жүйесіне 164 миллиард теңге инвестициялауды" жоспарлап отыр екен.

Актерлердің өздері редакция сұрағына жауап бермей, мүлдем мойындамай қойған. Актерлердің бірі бұл ақпаратқа күле қараса, ал басқалары бұл ақпаратты жоққа шығарды. Дегенмен әртістердің әлеуметтік желідегі аккаунттарын табу қиынға соқпады.

Бірінші фотода ер адам өзін Kidxson лақап атымен таныстырып, өзін суретші, ұйымдастырушы, фиксатор деп айтқан. Ол Alatau Smart Technology Kazakhstan зауытында субблоктарды құрастырған. Ер адам бұл туралы барлық сұхбатта жауап беріп, 20 маусым күні кешке Inforburo жазбасымен Instagram-да жазба жариялады. Негізгі фотосуретте kidxson өзі жұмыс істеп жатқан суретін орналастырыпты.

Фото: CMN.KZ скриншоты

Суретшінің жазбаларына қарағанда, ол әртүрлі мерекелерде балаларды қызықтыратын анимациялық қызмет көрсетеді.

Фото: CMN.KZ скриншоты

Тағы бір "зауыт қызметкері" Жәнібек болып шықты. Ол өзін Aloha компаниясында іс-шараны ұйымдастырушы ретінде таныстырған.

Субблоктарды жинау туралы өзін сенімді түрде таныстырған Марк Кравченко іс жүзінде іс-шаралар ұйымдастыратын орталықтың қызметкері екен.

Фото іздеу арқылы тағы бір актер анықталды. Ол да актерлік өнермен айналысатын көрінеді.

Салтанатқа алдын ала дайындық процесі жүргізілгенімен, бір кемшіл тұсы бар. Неге екені белгісіз, компанияда қызмет істейтін жұмыскерлердің орнына жылжымалы кешендерді жарнамалау үшін актер-аниматорларды жалдаған. Мүмкін аниматорлар жаппай ойын-сауық секторын тастап, зауытқа жұмысқа баруды шешкен шығар. Айта кетейік, кастинг зауыттың ашылуына бір күн қалғанда жарияланды.

Фото: CMN.KZ скриншоты

Бірнеше уақыттан кейін Alatau Smart Technology компаниясының директоры Айжан Сейілханова Tengrinews.kz редакциясына зауыттың тұсаукесеріне актерлердің қатысқанын мойындады.

"Кейбірі біздікі, біреулері отырғызылды. Түсінгенім бойынша суреттер жақсы шығу үшін осылай істеу керек болған. Мысалы, компаниядағы Талғат пен Әлібек есімді қызметкеріміз егде жаста. Олар "бұл жерде отырмай-ақ қояйықшы" деп өтініш айтты. Компанияның жарнамасы ашық көрсетілетіндектен, фотодары көрсетілмеді. Себебі қызметкерлеріміз бұған дейін құқық қорғау органдарында қызмет атқарып, зейнет жасына шыққан”, – деді компания басшысы.

Директор компанияның өтірік атау жамылмағанын және "біркүндік" емес екенін түсіндірді.

"4-5 адам актер еді, қалғандары біздің қызметкерлер. Олар жас болғандықтан суретте әдемі көрініп тұр. Жалпы оларды өз басым көрмедім. Бізде кадрлар жұмыс істемейді деген 100% шындыққа жанаспайды. Бұл техниканы 2019 жылдан бері Қазақстанға әкеліп жатырмыз. Осындай қондырғылар Ақмола облысында, Қарағандыда, Қостанайда, Семейде, Талдықорғанда, Қызылордада бар. Жабдықтарды орнатып қойып, оған қалай қызмет көрсетпеуге болады?" – дейді Сейілханова.

Оның айтуынша, актерлерді іріктеу туралы осындай хабарландыру жариялаған оқиға агенттігімен заңгерлер айналысады.

Loading...