Үй тазалаушы жігіт миллиондап табыс тауып, 200 адамға жұмыс беріп отыр

Блогер жігіт қазіргі таңда 200-ге жуық адамға жұмыс беріп отыр.

https://www.instagram.com/nurkhan_nurmakhanbet/

Әлуеметтік желіде танымал жас кәсіпкер, блогер Нұрхан Нұрмаханбет өзін сыйнайтындарға жауап берді. Ол өз кәсібін клининг саласында ашқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жас кәсіпкер  Abylaikhan Omirbay ютуб арнасына берген сұхбатында әңгімеледі.

“Мен туралы мазақтап айтады. Оған мән бермеймін. «Қыз сияқты майысып жүресің» деп жазып жатады. Менің бұл образым. Мен өмірде, әлеуметтік желіде сондаймын. Туылғаннан бері осындаймын. Бұл менің қабілетім. Мен одан ұялмаймын. Себебі қалай Алла тағалам жаратты – солай әрі қарай жүріп, өз жұмысыңды жалғастырып кетесің. Маған осы кісілер айтты екен деп, "Мен енді алжапқыш тақпаймын", "Дәретхана жумаймын не болмаса әлеуметтік желілердегі қызық тиктоктарға түспеймін" деп тоқтап қалмаймын. Өйткені бұл – менің жеп отырған наным, отбасымды асырап отырмын. Осы кәсіп арқылы көлік алып жатырмын және "бір оқпен екі қоянды атып жатырмын" десем де болады, өзімнің жеке блогымды жүргізіп жатырмын. Осы блог арқылы жарнамаға да түсемін, одан да қосымша табыс түседі. Сол үшін жазылған пікірлерді көңіліме алмаймын. Керісінше, олар мені көтеріп жатыр. Сол арқылы мен дамып жатырмын", – дейді ол.

Блогер жігіт қазіргі таңда 200-ге жуық адамға жұмыс беріп отыр.

«Қазіргі кезде командамда 130 ға дейін қыздар істейді. Одан бөлек қырық ер бала істейді. Олар химчисткада жұмыс істейді. Сонда 200-ге жуық адамға жұмыс беріп отырмын. Астанадан бізге көп ұсыныстар түседі. Сондықтан осы жақтан ашылып жатырмыз. Құрылыс компаниялары да көп, өнер жұлдыздарының жартысы да осы жерде ғой. Қазіргі кезде штат көбейді, табысымыз артты. Орта есеппен алғанда айына 20 миллион табыс табамын. Бізге Алматыдан ұсыныс көп түседі», - дейді блогер жігіт.

Loading...