Түріктің жас футболшысы Арда Гюлердің соққысы "Еуроны" таң қалдырды

Футболдан Еуропа чемпионатында түрік футболшысы Арда Гюлер әйгілі Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты

tribuna.com

Ол жарыстағы дебюттік кездесуінде гол соққан ең жас ойыншы атанды. 

Түріктің талантты футболшысы 19 жас, 114 күн толғанда тамаша гол соқты. Оның алыстан шиіре тепкен добын Грузия құрамасының қақпашысы Гиоргий Мамардашвили қайтара алмады. Бұл кездесуде Арда Гюлер үздік ойыншы марапатына да ие болды. 

Ал Роналду 2004 жылы алғашқы голын соққанда 19 жас, 128 күн толған шағы еді.

Арданы жанкүйерлер мен кей спорт сарапшылары түріктерден шыққан Месси деп те атайды. 

Loading...