Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге 55 жастан бастап әлеуметтік төлем төленеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдау барысында 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауды тапсырды.

opennews.kz

Үкімет жыл соңына дейін 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауы керек.

“Зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қолдау тетігі әзірленді. Саланың дамуына қосқан үлесі мен денсаулыққа зиян келтіру дәрежесін ескере отырып, мұндай қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді", – деді Тоқаев.

Loading...