Азия чемпионатына қатысатын жас балуандарымыз белгілі болды

Грек-рим күресінен Азия чемпионатына қатысатын жасөспірім балуандар анықталды

Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Азия чемпионатына қатысатын жасөспірім балуандар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

22-30 маусым күндері Иорданияда күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия біріншілігі өтеді. Аталған сынға қатысатын грек-рим күресінен Қазақстан командасы анықталды. Назарларыңызға даңқты балуан Алмат Кебіспаев жаттықтыратын жастар құрамының тізімін ұсынамыз:

45 келі: Нұрдәулет Құмарұлы 

48 келі: Зарап Сұңқар - 48 кг

51 келі: Едіге Төлеутаев

55 келі: Алпамыс Болатұлы

60 келі: Шәміл Досбол

65 келі: Данияр Қанағатбек

71 келі: Әбілмансұр Ахалбек

80 келі: Еркебұлан Анапия

92 келі: Әділет Тойшыбек

110 келі: Айдос Қайратов

Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан құрамасының еншісінде Париж олимпиадасының 7 жолдамасы бар. 

Loading...