Киіз үйде жартылай жалаңаш билеген үш қыз көпшіліктің ашуын тудырды

Киіз үйдің ішінде жартылай жалаңаштанып билгене жігіт осы арқылы қазақ тарихына үңілгісі келетінін жеткізді.

Коллаж OnNews.kz

Әлеуметтік желіде қазақша камзол мен биік өкшелі аяқ киім киіп, киіз  үйдің төрінде билеген қыздар көпшіліктің ашуын шақырды. Бұл туралы видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада жартылай жалаңаштанған қыздардың биі көрсетілген. Ол үш қыздың бірі хореограф жігіт болып шықты.

«Менің атым -  Әлішер Сұлтанбекұлы. Мен 21 жасқа толдым. Бұл өмірді сүріп жатқаныма өте ризамын. Өз шығармашылығым арқылы өз тарихыма үңілгім келеді. Бұдан әркім көргісі келген нәрсені көреді», - деп жазды биші жігіт өзінің желідегі парақшасында.

Әлішер Сұлтанбекұлы біраз уақыттан кейін киіз үйде билеген клипын өзінің парақшасынан алып тастады, бірақ қысқа уақытта басқа парақшаларға көптеп тарап кеткен.

 

Loading...