Астанада Есілді жүзіп өтемін деп бәстескен жасөспірім суға батып кетті

Астанада 17 жастағы жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті.

Ашық дереккөзі

12 маусымда Астанада жасөспірім өзеннің бір жағасынан екінші жағына жүзіп өте аламын деп достарымен бәстескен. Бірақ бәс қайғылы оқиғамен аяқталды. Бала батып кетті.

Сағат 19:02-де Астана қалалық ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жасөспірімнің денесін судан шығарып алды.

Loading...