Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызы өзіне қалай ғашық еткенін айтты

Актриса болғандықтан түрлі образға ене алады.

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Белгілі кәсіпкер, бизнесмен Тұрсын Алагөзов жұбайы, продюсер Баян Мақсатқызының отбасында қандай әйел екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, белгілі продюсер ерекше адам. 

«Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен шаршайтын кезі болады. Егер еркек те, әйел де некені сақтағысы келсе, олар бір-біріне қызық болуы керек. Осыны түсіну маңызды. Баян Мақсатқызымен шаңырақ көтерген кезде менің қолымда ештеңе болмады. Бәрін тартып алғанын білесіздер. Бизнесмен емес, қарапайым адам ретінде өмір сүріп көрдім. Өзімен көбірек оңаша қалып, жұмыс істедім. Бизнестің соңында жүргенде мұның бірін де істеуге уақыт болмайтын еді. Одан кейін әйеліммен көбірек уақыт өткіздім. Баян Мақсатқызы – өте көңілді адам. Ол үнемі қалжыңдайды, әзілдер айтады. Көңілді тақырыптарды қозғайды. Мен онымен осы тақырыпта шүйіркелесе бастаймын. Ол – ерекше адам және өте мейірімді жан. Талантты адамдарды бірден байқайды. Шыққан әулетін де бүкіл халық біледі. Оған қоса, ол журналист әрі актриса. Журналист болғандықтан адаммен кез келген тақырыпта еркін сырласа алады. Актриса болғандықтан түрлі образға ене алады. Сонысымен мені өзіне баурады», – деді бизнесмен «Forbes Kazakhstan» арнасына берген сұхбатында. 

Loading...