Құрбан айт намазының кестесі-2024

16 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз.

aikyn.kz

Айт құтты болсын, ағайын!

Діни басқарма ұсынған кесте бойынша, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында Құрбан айт намазы 6:00-де оқылады.

Құрбан айт – мұсылман қауымы үшін қасиетті мейрамдардың бірі. Бұл күні құрбандық шалынып, дұға-тілек жасалады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Бұл амал арқылы адамның ішкі ниеті, шынайы пейілі, дініне бекемдігі, тақуалығы, басқаларға жанашырлығы таразыға түседі.

Loading...