Қайрат Нұртастың әйелі ауруханаға түсіп қалды...

"Осыдан екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым"

Жұлдыздың инста парақшасынан

Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Абдукаримова шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Әзірге дәрігерлер нақты диагноз қоймапты.

«Осыдан екі күн бұрын қатты ауырып, ауруханадан бір-ақ шықтым. Қазір ем қабылдап жатырмын. Неврология бөліміндемін. Әзірге дәрігерлер нақты диагноз қойған жоқ. Бірінші ем алуым керек екен. Қан талдамасын жасады. Ертең МРТ аппаратына түсіреді, сосын бәрі белгілі болады.

Негізі 2016-жылдан бері басым ауырып, соған тиісті ем қабылдап жүргенмін. Кейіннен карантин басталып кетті де, ем алуды мүлдем ұмытып кеттім, есімнен шығыпты. Әйтпесе әр алты ай сайын ем алуым тиіс еді. Қазақилыққа салынып, «басымның сақинасы ұстап тұр» деп, немесе «шай ішпегеннен шығар», «біреуден сөз есітіп, соның салдарынан шығар» деп немқұрайдылықпен қарай саламыз. Негізі олай болмайды, бастың жөні бір бөлек екен.

Басыңыз ауырса, онда ауа райының қолайсыздығы, шай ішкен-ішпегеніңіз, магнитті өріс дегеннің түк қатысы жоқ. Нақты диагнозды тек МРТ қойып береді. Одан кейін дәрігерге барып, тиісті ем-домды алыңыз, қазір заман дамыған, тексеріліп қойған артық болмайды», - деді Жұлдыз Абдукаримова.

Өнер иесінің желідегі оқырмандары шынайы көңілмен дертіне шипа тіледі. «Алла амандық берсін, 100 жасаңыз», «Ем болсын, тез жазылыңыз», «Жұлдыз, сізді жақсы көреміз, жазылып кетіңіз», «Балаларыңызға ертерек оралыңыз, шипасын берсін», «Менің де басым жиі ауырады. Сақинасы ұстап жатыр деп жүре берем. Емделу өте қымбат, ақшамды қимаймын» деп жазды көпшілік.

 

Loading...