Жас кәсіпкерлерге арналған көмек

Жас кәсіпкерлер үшін тамаша мүмкіндік. Егер сіздің жасыңыз 21-35 жас аралығында болса, қайтарымды қаржылай көмек алуға болады.

Ашық дереккөзі

1 мамырдан бастап ASSYLTAS BUSINESS HELP жобасына өтінімдер қабылданады. Жас кәсіпкерлер 5 000 000 теңгеге дейін қаржылай көмек ала алады. Кәсібін дамытуға ниет еткен жастар бірнеше бағыт бойынша бақтарын сынай алады.  

 

Қандай жобаларға басымдық беріледі?

— салауатты өмір салтын қалыптастыру;

— өндіріс;

— қазақ тілін дамыту жобалары;

— мобильді қосымшалар;

— ұлттық өнер.

 

 Өтінімдер 1 мамыр мен 1 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаз 10 маусым күні анықталады. Айта кетейік, былтыр осы жоба аясында 14 адам бизнесін дамытуға қаржылай көмек алған болатын. 

 

Жоба туралы толық ақпарат: https://assyltas.kz/business-help/

Loading...