Бишімбаевтың телефонынан видеоларды көріп Нүкенованың ағасы жылап жіберді

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қуандық Бишімбаевтың телефонына түсірілген бейнежазбаларды қарау кезінде жылап жіберді.

tengrinews.kz

Бүгін сот айыпталушының телефонын қарауға кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаевтың телефонынан видеоны бірінші болып судья Айжан Құлбаева қарады. Кейін материалдар зардап шеккен тарапқа көрсетілді.

"Еске салайын, бұл тек 9 қарашадағы видео", - деді судья.

Видеоларды қарау кезінде марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді, сондай-ақ оның адвокаты Жанна Уразбахова эмоциясын ұстай алмады. Бұған дейін сот процесі кезінде Салтанаттың әпкесі ауырып қалған болатын: ол жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болды. Толық ақпаратты мына сілтемеден оқыңыз...

Loading...