Шетелдіктер қазақ өнерімен танысты

Шетелдік студенттерге тіл оқытуда елтану мақсатында көптеген жұмыстар жүргізіледі. Олар өздері тілін үйреніп жатқан елдің мәдениетін қоса үйреніп, елімізде бір жыл оқып, Қазақстан туралы көп мәліметтерге қанық болады.

OnNews.kz

Осы орайда   оқытушылар оларды Алматы қаласындағы түрлі өнер ошақтарына апарып, театрлардағы қойылымдарды көрсетеді. Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі театрына шетелдік студенттер бірнеше рет барып отандық әртістер сахналаған өнер туындыларын тамашалады. Солардың ішінде шетелдік студенттерге ерекше көңіл күй сыйлаған режиссёр Фархад Молдағалидің «MAMLUK/Cұлтан Бейбарыс» премьерасы. Сұлтан Бейбарыс түркі әулеті бахриден шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Театр ұжымы аталған қойылымды Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай сахналады. Аталған қойылым бұл жолы саундрама жанрында бірінші рет көрсетіліп тұр екен. Оның ерекшелігі этнофольклорлық ансамбль мен хореографтарға басым көңіл бөлінеді. Шетелдік студенттер бұл қойылымда Сұлтан Бейбарыстың  қалай өмірге келгенін, мамлюк кезінен қалай сұлтан болғаны туралы мәліметтер алды. Мұнда автор аталған шығармада дала даусын, автордың әншілердің, жыршылардың даусын ұлттық-этнографиялық аспаптар арқылы беруге тырысқанын айтады. Бұл кештен шетелдік тыңдаушылар ерекше көңіл-күймен шықты. Олар қойылымды көрген уақытта сөздік қорлары өте аз болған еді, әйтсе де олар музыка тілі мен би өнері арқылы қазақ өнерінен мол мәлімет алып қайтты. Бұдан кейінгі дәрісхана сабағында олар қойылым туралы өз әсерлерін қарапайым тілдік құрылымдар арқылы жеткізуге тырысты. Бізге осындай рухани кеш сыйлаған «Алатау» дәстүрлі театрының ұжымына Әл-Фараби атындағы ұлттық универсиетінің оқытушылары мен студенттері атынан  айтар алғысымыз шексіз. Қазақ өнерінің  өресі биіктей берсін! Көрермендерге тамаша көңіл-сыйладыңыздар. Театр-бар жерде мәдениет те, көңіл-күй де, сыйластық та, білім де, өнер де бар.  Сол күнгі  тамаша көңіл-күйден сыр шертетін естелік суреттер осында.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

аға оқытушылар Г.Ә. Машинбаева, Р.И. Дүйсенбаева

Loading...