Қара бетперде тағып алып қайырымдылықпен айналысып жүрген жігіттің кім екені белгілі болды

Ел ішінде қара бетперде таққан жігітті XXI ғасырдың атымтай жомарты деп атайды.

Ашық дереккөзі

Жұмбақ жігіттің қайырымдылық істермен айналысып жүргеніне біраз уақыт болды.

Ол бірнеше отбасына баспана сыйлады. 

Ал күні кеше  осы маскадағы белгісіз жігіт су тасқынынан жапа шеккен халыққа 1 миллион доллар аударған

Иә, халық: "сен, кімсің белгісіз жан"? деген сұрақты жиі қояды. 

Десе де, өзі бұл сұраққа жауап беруге асықпайды. 

Jambylinfo.kz порталының деректеріне сүйенсек бетперде тағатын жігіттің қайырымдылық қоры бар екен. 

Бұған "Kaspi" банк қосымшасындағы 
"Kaspi төлемдер" бөлімінде "Человек в маске" деген қайырымдылық қоры негіз бола алады. 

Бұл ресми қайырымдылық қор, халықтан ақша жинайды. 

Соның есебінен ел-жұртқа қайырымдылық жасайды. 

Бұл пікірді белгілі журналист Гүлмира Әбіқай да қуаттап отыр. 

"Қара бетперде жұмбақ жігіттің образы ғана. Ол белгілі бір қордың өкілі. Алла ісіне береке берсін", -деді ол. 

Расында, бұл дәйектердің жаны бар. 

Сол себепті, қара бетперде таққан жұмбақ жігіт ертелі-кеш ел алдына шығып, өзін таныстыратын күн де туар...

Loading...