Райымбек Баталовтың әйелі Бишімбаевқа жауап қатты

Бүгін Ленара Баталова сот отырысына қатысты пікір білдірді.

Ашық дереккөзі, коллаж OnNews.kz

Кәсіпкер Райымбек Баталовтың әйелі Ленара Баталова Бишімбаев ісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Айта кетейік, 1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова белгілі кәсіпкердің көңілдесі болғанын мәлімдеген болатын. Ол кәсіпкер нақты кім екенін айтпаса да есімі Райымбек екенін атап өткен болатын. 

Көптеген телеграм арналарда бұл кәсіпкер Райымбек Баталов екенін жарыса жазды. Артынша қазақстандықтар Баталовтың әйелі Ленара Баталованың парақшасына "шабуыл" жасап, күйеуі туралы пікір жаза бастаған болатын. 

Бүгін Ленара Баталова сот отырысына қатысты пікір білдірді. 

"Мен болған жайтқа қатысты пікір білдірсем деп едім. Себебі менің инстаграмым "жарылайын" деп тұр. Кеше ел болып атышулы процеске куә болдық. Процесс 1 сәуірге сәйкес келіп қалды. Оның мазмұны да соған сай болған секілді. Біз атышулы істі емес, "Пусть говорят" шоуын көріп отырғандай болдық. Сотта менің отбасымның абыройына нұқсан келтірген негізсіз, ойға қонымсыз нәрселерге қатысты не дерімді білмеймін. Салтанаттың жақындарына сабыр мен күш-қуат тілеймін және әділдік орнайды деп сенемін. Біз сіздермен біргеміз", - дейді Ленара Баталова. 

Фото: instagram.com/batalova_lenara

Райымбек Баталов - құрамына Raimbek Agro, Raimbek Group Plus, City Fair Trade ltd, Raimbek Bottlers Group компаниялары кіретін Raimbek Group холдингінің иесі және директорлар кеңесінің төрағасы.

«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы және басқарма мүшесі, директорлар кеңесінің мүшесі – «Даму» Федералдық инвестициялық қоры» АҚ тәуелсіз директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі, Ұлттық комиссия мүшесі Құрылтай және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы реформалар жөніндегі Жоғарғы Кеңес. Қазақстаннан ШЫҰ Іскерлік кеңесінің төрағасы, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығының басқарма төрағасы. Қазіргі таңда «Атамекен» төралқасының төрағасы. 

Айта кетейік, Бишімбаевтың сөзінше, Салтанат Қазақстанда танымал отбасылы адаммен кездескенін мойындаған.

"Сол күні кешке ол маған мойындады. Мен одан неге бұлай жүйкесі сыр беріп жүргенін сұрадым. Одан түсіндіріп беруін сұрадым. Тойдан кейін 3-4 күн өткен еді. Ол менің кабинетімде бір адамның суреті тұрғанын айтты. Суретте мен онымен бірге (Нүкенова айтып отырған адаммен бірге - еск.) түскенмін. Ол бір кездері сол кісінің ашынасы болғанын айтты. Мен онымен таныспын. Әрине, бұл ақпарат мені есеңгіретіп тастады.

Одан 20 жастай үлкен, 4 баласы бар, Қазақстанда кәдімгідей танымал адам. Тек есімін айтайын, оның есімі - Райымбек.

Мен ренжідім, ол адамды білемін. Жұмыс бойынша бір кездері кездескенбіз. Ортақ танысымыз да көп. Бізде бір-бірімізге бәрін ашық айтатын уақыт болған кезде олай істемегеніне ренжідім. Одан неге айтпағанын сұрадым. Ол "бұл біздің қарым-қатынасымызға әсер етеді" деп қорыққанын жеткізді", - деді Бишімбаев.

Сонымен қатар, бұрын да сотты болған экс-министр өзге де адамдардың есімдерін атады. Оның сөзінше, Салтанат отбасылы адамдармен кездескен.

1 сәуірде өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен қарым-қатынасы туралы өз нұсқасын айтқан болатын. Сонымен қатар, Бишімбаев сотта Салтанаттың жеке өміріндегі бұрынғы жайттар туралы да айтты. 

Одан бөлек, Бишімбаев іске қатысты ақпараттар бұрмаланғанын мәлімдеді.  

Ендігі сот отырысы 3 сәуірде 10.00-де болады. 

27 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер таңдалған еді. Алқабилер алқасына 12 адам іріктелді: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Содан кейін ашық сот отырыстары басталды.

Кейін Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады.

Бұл оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

Loading...