«Қателігімсің»: некесі сәтсіз аяқталған Балжан Бидаштың жаңа әні желіде қызу талқыға түсті

Өнер иесі ерекше туындысын 4 сәуір күні жарыққа шығармақ.

Ашық дереккөзі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш көпшілікке «Қателігімсің» атты жаңа әніне түсірілген бейнебаянынан үзіндіні ұсынды.

Өнерден алыстап кеткен Балжан Бидаш жақында жаңа әнін жарыққа шығаратынын хабарлап, тыңдармандарын қуантты. Шоу-бизнес жұлдызы Instagram парақшасында "Қателігімсің" әнінің бейнебаянынан үзіндіні жариялаған.

"Достар, міне көптен күткен жаңа бейнебаян, жаңа әннің тизері. 4 сәуір менің Youtube каналыма шығады", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Балжан Бидаштың жаңа туындысын бірден қызу талқылады. Қалың көпшілік некесі сәтсіз аяқталған арудың таланты мен қайсарлығына тәнті болды.

"Мықты қыз, ажырасқанын ешкімге жариялаған жоқ. Кейбіреулер сияқты хайп та жасаған жоқ. Керісінше, олардан жоғары екенін көрсетті. Жақсы жауап болды", "Балжан стиль, идея, дауысың бәрі ерекше! Жарасың әлі бүкіл әлемге танымал болып", "Некесі сәтсіз аяқталған қыздарға сенің батылдығыңды берсе ғой", "Керемет, осы Балжанды сағындық", - деп жазуда көпшілік.

 

Loading...