«Бірнеше сағат бойы азаптап өлтірдің!»: сотта Салтанат Нүкенованың анасы эмоциясын жасыра алмады

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы. Скриншот: youtube.com/@SupcourtRK

Сот барысында Қуандық Бишімбаевтан жауап алынып жатыр.

«Мен кешірімнен үміттенбеймін, бірақ бұл менің адамдық борышым. Бұл жерде жәбірленуші тарап, оның туыстары, оны жақсы көрген адамдар, ата-анасы отыр. Маған алғашқыда оның жоқ екенін түсіну өте қиын болды. Мен бәрінен кешіріп сұраймын, бірақ мені кешіреді деп үміттенбеймін. Бұл орны толмас қайғы екенін білемін. Екіншіден, мен өзімді кінәлі емеспін дегенде не айтпақ болғанымды түсіндіре кетейін. Мен әйелім Салатанатты қасақана, алдын ала ұйымдастырып, асқан қатыгездікпен өлтірді деген айыппен келіспеймін», – деді Бишімбаев.

Осы сәтте сот залында отырған Салтанат Нүкенованың анасы шыдай алмай, қарсылық білдірді.

«Қалай асқан қатыгездікпен емес? Мен өз қызымның бет-әлпетін көре алмадым. Сен оны асқан қатыгездікпен ұрдың. Бұны қалай айтып отырсың? Сен оны бірнеше сағат бойы азаптап өлтірдің», – деді Нүкенованың анасы. 

Судья анасының сөзін бөліп, тыныштық сақтауды сұрады.

«Мені жек көрсеңіздер де, маған қарғыс айтсаңыздар да болады. Бірақ мен Алланың алдында және сіздердің алдарыңызда жауап беруге дайынмын. Менің мұндай мағынасыз әрекетке баратын ойым болған жоқ», – деді Бишімбаев.

Ол ары қарай Салтанатпен қалай танысқанын баяндап берді. 

Loading...