Бишімбаев сотында куәгерлер не көргенін айтып берді

Экс-министрдің сот отырысында куәгерлер қылмыс болған күні не болғанын айтып берді

Фото: El.kz

Экс-министрдің сот отырысында куәгерлер қылмыс болған күні не болғанын айтып берді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

9 қараша күні сағат 11:00-де мейрамханаға жұмысқа келдім. Қарлығаш есімді менеджер бізге екінші қабаттағы бірінші VIP бөлмеге кірмеу керегін айтты. Себебі онда Бишімбаев болды. Біз өз жұмысымызды істеп жаттық. Кейін сағат 13:00-де бізді екінші қабатқа шақырды да, мейрамхана сағат 17:00-ге дейін жұмыс істемейтінін хабарлады. Бірақ бір сағаттан кейін мейрамхана бүгін мүлде жұмыс істемейтінін айтты, - деді куәгер.

Куәгердің айтуынша, ол бірінші қабаттағы «Берлин» гастро барына барып өз жұмысын әрі қарай жалғастырған. Сол күні кешкі сағат 19:00 шамасында оның телефонына хабарласып, Bau мейрамханасының екінші қабатына көтерілуін сұраған.

 

«Лифтпен көтерілгенімде ол жерде жедел жәрдем қызметкерлері болды. Ал Қуандық Бишімбаевтың қолында пышақ болғанын көрдім. Мен қорқып кеттім. Осы сәтте Бишімбаев сол жердегі бір бөлмеге кіріп кетті. Байжанов екеуміз артынан барып қолындағы пышағын тартып алдық. 15 минуттан кейін полиция қызметкерлері келді. Бишімбаевтың түрі қашып кеткен. «Мен неге бұлай істедім? Не үшін? Мен оны өлтіріп алдым ба?» деп көзіне жас алды», - дейді куәгер Абылайхан Ергенов.

Loading...