Алматыда күзетшіні өлтірген ер адам туралы жаңа мәлімет пайда болды

Алматыдағы элиталық тұрғын үйлердің бірінде күзетшіні зұлымдықпен өлтірген ер адамға байланысты тың ақпараттар пайда болды

Ашық дереккөзі

Тұрғындардың айтуынша қылмыскер ата-анасымен бірге «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде тұрған және ол нашақорлыққа салынған, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

«Ол шу шығара бастағанда ата-анасы көмек сұрайды. Мас болған кезде оны бәрі тыныштандырады, шлагбаумнан өткізбейді. Бұл жолы ол мас күйде көлік жүргізбек болды, бірақ кезекші күзетшіміз Нұрбол оны өткізбеді. Бірақ ол бәрібір кетіп қалды. Нұрбол оның соңынан шығып, қайда кеткеніне қарады. Ол қайтып келе жатқанда, бұл көлік те қайта келді. Ол қайтып келіп, аулаға кірді. Қақпаны жауып жатқан Нұрболды ол көлікпен үш рет қақты, сосын көліктен түсіп, басына бөтелкені сындырған,  үстіне секірген», - дейді «Меркур Таун» тұрғын үй кешені ПИК өкілдері.

Куәгерлердің айтуынша ол адамның осы күнге дейін де біраз ісі полиция қызметкерлерінің құлағына жеткен, алайды ол түрлі айламен сытылып кетіп отырған.

«Осыдан екі-үш ай бұрын ол диспетчерді соққыға жыққан. 55 жастағы әйелді шашынан сүйреген. Ол нашақор, қаншама рет полиция шақырдық. Есірткі шеккенде үйсіз адамдарды осында әкеледі. Тиісінше, біз бөтен адамдарды аумаққа кіргізбейміз. Ал ол есіктерді сындырып, лифтті тепкілейді. Диспетчер ескерту жасаған, кейін ата-анасына телефон соққан. Сол үшін оны шашынан сүйреген. Ол тағы бір күзетшіні қылқындырған, кейін ол жұмыстан шығып кетті. Құқық қорғау органдарына арыз жаздық, сенесіз бе, сенбейсіз бе, бірде-бір жауап алған жоқпыз», - деп хабарлады «Меркур Таун» тұрғын үй кешені өкілдері. 

Әлеуметтік желілерде ер адам мен күзетші бірге ішімдікке тойып алған деген дақпырт сөз тарады. Алайда, «Меркур Таун» ПИК бұны жоққа шығарды.

«Мен бейнежазбадан барлық хронологияны көрдім. Жұмыс орынында отырыс болған жоқ. Күзетші Нұрбол оны тыныштандырғысы келген, оны қақпадан шығармады. Бұл адам көршілерін қорқытып, есік-терезелерін сындырған. Мұны бәріміз білеміз, осы жерден көреміз. Күзетшінің үш баласы бар, екі ауысымда жұмыс істейтін, ішімдік ішпейтін», - дейді «Меркур Таун» ПИК тұрғын үй кешені әкімшілігі.

Loading...