Ақтөбе көшесінде халық емес, балық жүр

Ақтөбе көшелерінен балық аулауға болады.

Бейнежазбадан үзінді

Ақтөбе көшелерінен балық аулауға болады. Бұл туралы журналист Козачков телеграм арнасында жазып, видео жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сүйенсек, әуежай аймағынан қалаға су жіберілген. Сазды өзені арнасынан асып, көпірлер мен жолдарды су басқан. Ал көліктер суда тұрып қалған.

Жарияланған видеода тұрғынның көшедегі судан балық ұстап алғанын байқауға болады.

 

Loading...