"Ішімде қыз болды": Әйел адам ауыр соққыдан кейін баласынан айырылып қалды

Павлодарда жүкті келіншек қайнысының соққысынан кейін түсік тастады

Фото: Астана телеарнасы

Павлодарда жүкті келіншек қайнысының соққысынан кейін түсік тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір аталған іске қатысты полиция қылмыстық іс қозғаған.

Қайнысынан таяқ жеген жеңге ауыр соққыдан есін жоғалтқан. Ол ауруханада ем қабылдап, денсаулығына қарауда. Келіншек өзінің жүкті екенін ғана біледі.

“Менің ішімде қыз болды. Мен көтергеннен бастап қыз болды. Сосын атында қойғымыз келді”, – дейді жәбірленген Гүлмерей Қарсыбаева. 

Дәрігерлер науқасты ауыр жағдайда қабылдаған. Оған екі бірдей ота жасаған. Дегенмен іштегі 9 айлық баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.

Жеңгесіне қол көтерген жас жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Loading...