«ОЛ КЕЗДЕ КҮЗ»

Ерік Омарғали – 1992 жылы 22 наурызда Семей өңірінде дүниеге келген.

OnNews.kz

Өмірдерек 

Ерік Омарғали – 1992 жылы 22 наурызда Семей өңірінде дүниеге келген.   Тырнақ алды жыр кітапшасы мектеп құшағында жүрген 2009 жылы «Сәуір Сыры» деген атпен жарық көрді. 2010 жылы № 37 – «Ыбырай Алтынсарин атындағы» Гимназияны бітірген. «Әлихан Бөкейхан университетінің» Филология факультетінің түлегі.

Павлодар қаласындағы «Инновациялық Еуразия Университетінің» Экономика және Инжиниринг факультеті, «Әлеуметтік – Гуманитарлық ғылымдар» кафедрасының «Филолог» мамандығының 1 - курс магистранты.

Көптеген  ғылыми зерттеу еңбектері басылым көріп келеді.

Республикалық, аймақтық, қалалық мүшәйралар жеңімпазы.

 2017 жылы Талдықорған қаласында өткен, «Ілияс Жансүгіров атындағы» республикалық студенттер мүшәйрасының 1 орнын жеңіп алса, сол жылы Семей қаласында өткен «Алаш» мүшәйрасының Бас жүлдесін еншіледі. 2021 жылы тамызда Шығыс Қазақстан обылысы бойынша Өскемен қаласында өткен «Кемеңгер би – Кетбұқа» мүшәйрасының «Ынталандыру сыйлығына», облыстық «Шәкәрім Құдайбердіұлы» жыр мүшәйрасының «Арнайы жүлдесіне» ие болған.

«Ойсауыт маржаны», «Тәңірмен тілдесу», «Күз кіндігіндегі күмбір» кітаптарының авторы.

Loading...