“Tik-Tok үшін”: Күйеуін өлтіріп, бөлшектеген келіншек өз шындығын айтты

Күйеуін өлтіріп, бөлшектеп тастаған келіншектің шындығы ашылды

Фото: Видео скрині

"Көреміз" бағдарламасында күйеуін өлтіріп, бөлшектеп тастаған келіншектің шындығы ашылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Құндыз Молдабекова өз күйеуін өлтіріп, оның денесін бөлшектеген. Бұл қанды оқиға Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында болған. Келіншек адамдарға білдірмеу үшін бөлшектелген денені Келес өзеніне ағызып жібермекші болған. 

"Мен күйеуіме қасақана пышақ тыққан жоқпын. Құрметті сот, біз қарбыз жеп отырғанбыз. Сосын оған біреу хабарласып "Әйелің тағы Tik-Tok түсіріп жатыр",- деп айтты. Кейін күйеуім "пышақты ал да, өзіңе тық",- деді. Оның арасында басымды жұдырықпен ұрды. Мен "қой, қазір пышақ кіріп кетеді",- дедім. Пышақты қайта-қайта мойыныма тақап қоймады. Мен пышақтың сабымен басынан салып қалсам, талып қалатын шығар деп ойлап, өзімді қорғадым",- деді Құндыз Молдабекова.

Айта кетейік, 3 күн бойғы иісі шығып кеткен мәйітті келіншек көршісіне өтініш айтып, өзенге лақтыртқанын жариялаған едік

Loading...