Әнші Гауһар Әлімбекова неліктен сахнадан көрінбей кетті?

Концерт ұйымдастыруға кедергі болғанымен қоймай, маған басқа да мәселе тауып берді.

Фото: instagram.com/gauhar_alimbekova_official

Хит әндердің авторы, әнші әрі композитор Гауһар Әлімбекова неліктен сахнадан көрінбей кетті? Әнші бұл сұрақтың жауабын «ХабарLike» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, 10 жыл бойы «Республика сарайында» ән кешін өткізе алмай жүрген.

Негізі мен бұрыннан бір шығып, қайта жоқ болып кететін әншінің қатарынанмын ғой. Жылына бір рет есеп беріп, ән кеш өткізсем, жеңілдеп, өзім рахаттанып қаламын. Бірақ, соңғы 10 жылдың ішінде «Республика сарайында» ән кешін өткізбедім. Бұл маған байланысты дүние болған жоқ. Егер әнімнің тыңдаушысы ретінде мені жақсы білетін болсаңыздар, менің де басымнан біраз жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын маған бір кісі «мен тірі тұрғанда сені «Республика сарайынының» маңына жолатпаймын» деп айтқан болатын. Сөйтіп, ол кісі сөзінде тұрды. Маған ән кешін бергізбеді. Концерт ұйымдастыруға кедергі болғанымен қоймай, маған басқа да мәселе тауып берді. Сөйтіп жүргенде өзімнің әнші, сазгер екенімді ұмытып та кеткен уақыттар болды. Бірақ, сонда да басыма қанша күн туса да серігім, жаным гитарамды ешқашан жанымнан тастаған емеспін. Жылап жүрсем де, ән шығарып жүрдім, - деді әнші.

 

Loading...