"Өзенге кеп лақтырдық": күйеуін балтамен бөлшектеген келіншекке көмектескен көршісі жаңа деректер айтты

Көршісі әйелдің сұрауы бойынша "сасыған ет толы" екі бөшкені келес өзеніне алып барған.

Стопкадр "Көреміз". Руслан Хасанов.

Көршісі әйелдің сұрауы бойынша "сасыған ет толы" екі бөшкені келес өзеніне алып барған.

2023 жылдың 9 тамызында Түркістан облысында 35 жастағы келіншек күйеуін өлтіріп, денесін суға ағызып жіберген. 3 күн бойғы иісі шығып кеткен мәйітті келіншек көршісіне өтініш айтып, өзенге лақтыртқан. Өлі денені өз қолымен суға ағызып жіберген Руслан Хасенов оқиғаның қалай болғанын айтып берді,  деп хабарлайды "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

"Ұйықтап жатқан жерімде "Руслан" деді. Не болды тыныштық па дедім. "Екі қой бар деді. Бөшкеде сасып кеткен, жүнімен" деді. Не істеу керек оны дедім. Бара алмаймын. Бақтияр ұрысады дедім. Қоймай қойды. 20 минуттай сөйлесіп отырдық. Қоймай қойғаннан кейін көлікті оталдырдым да багажды аштым. Эмульсия шелек және екі бөшке болды, көк бөшке. Әкеп қойған бөшкесін көлікке салып, осылай жаптым. Сосын осы өзенге кеп лақтырдық. Іздеуге келген кезінде осы жағасында шет жақтарында өкпелері түсіп жатқан еді.  Соларды судан алып, шетке шығардық", - деді көршісі.

Айта кетейік, оқиға Түркістан облысы Сарыағаш ауданында болған. 35 жастағы келіншек 14 жыл отасқан күйеуін аса қатыгездікпен пышақтап, денесін балтамен бөлшектеген. Жасаған қылмысын жасыру үшін мәйітті екі бөшке мен шелекке салып, өзенге ағызып жіберген. Марқұмның туыстары «келіншектің мұндай сорақылықты жалғыз істеуі мүмкін емес», - дейді.

Loading...