Танымал дәрігер дүниеден өтті

Ақ халатты абзал жан ұзақ уақыт бойы аурумен күрескені айтылды.

egemen.kz

Ана мен бала ұлттық орталығының директоры, белгілі дәрігер-педиатр Бекбай Хайрулин бүгін көз жұмды.

"Бүгін таңертең 64 жасқа қараған шағында біздің қымбатты досымыз, әріптесіміз және мейірімді, жанашыр адам, педиатр дәрігер, UMC медициналық директоры Бекбай Еслямұлы Хайрулин ұзақ уақыт бойы аурумен күресіп, көз жұмғанын өкінішпен хабарлаймыз", - делінген UMC хабарламасында.

Бекбай Еслямұлы 2009 жылға дейін – Денсаулық сақтау министрлігінің бас педиатр дәрігері, Емдеу-профилактика департаменті ана мен бала денсаулығын қорғау басқармасының бастығы қызметінде болды. Өмір жолын медицина саласына арнаған дәрігер Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің медициналық қызмет сапасын бақылау бөлімінің бастығы, меңгерушісі. облыстық денсаулық сақтауды дамытуды бақылау департаменті, Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары болған.

Loading...