Тәжіктерге бойкот: Ресейде жолаушылар таксиден жаппай бас тартуда

Клиенттер мен жүргізушілердің диалогы әлеуметтік желіде тарады.

ашық дереккөзі

Ресей халқы такси жүргізетін тәжік ұлтының өкілдеріне бойкот жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

"Егер тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт, немесе полиция шақырамын", – деп жазған клиенттердің бірі. 

Ал жазылушылардың бірі "Крокустағы" қырғынды ұйымдастырғандардың да мақсаты осы екенін айтты. Сөзінше, бұл жағдайдан кейін ұлтаралық қарым-қатынас ушығып кеткен. 

Еске салайық, бұған дейін Мәскеудегі “Крокус сити холлдағы” терракт салдарынан 152 адамның көз жұмғанын хабарлаған едік. Қанды қырғын 22 наурызда болған еді. Лаңкестер ғимаратта 18 минут болған.

Loading...