Қазақстандағы ірі өндіріс кәсіпорындарына 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасалады – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында елімізде кен өндіру кәсібінде жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кеткенін алға тартты. Президент үкіметке осыған орай батыл шаралар қабылдауы қажет екенін ескертті.

Stan.kz

Перзидент Қазақстанда кен өндіру өнеркәсібі жақсы дамып жатқанын алға тартты. Айтуынша осы сала ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз ететін сенімді табыс көзі болып келеді және болашақта да солай болуға тиіс.

“Көптеген металдың әлемдік нарықтағы бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соған қарамастан ірі өндіріс орындарына жақын тұратын жұрттың наразылығы күшейіп барады. Олар экология нашарлап, денсаулыққа зиян келтіріп жатқанын айтып, шағымдануда.

Жұмысшылардың өндірісте мертігуі және қазаға ұшырауы көп болып кетті. Үкімет кәсіпорындардың технологиялық және экологиялық ахуалын, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдауы қажет. Сондықтан ірі өндіріс кәсіпорындары 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудит жасауы керек. Бұл талап инфрақұрылым саласындағы кәсіпорындарға да қойылуға тиіс", – деді Тоқаев. 

Loading...