Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Қарнақ ауылындағы көпірді жартылай су басып қалды

Stan.kz

Қарнақ ауылындағы көпірді жартылай су басып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы Кентау қаласы мен Қарнақ ауылы арасындағы көпірді су шайып кетіп, оның үстінде жұқа асфальт ғана қалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Түркістан облысының әкімдігі толассыз жауған жаңбырдан кейін өзендегі су деңгейі көтерілгенін хабарлады. Салдарынан Қарнақ ауылындағы көпірді (ұзындығы 30 метр, ені 10 метр) ішінара су басқан.

“Қазіргі уақытта елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті әкімдік пен төтенше жағдайлар департаменті тиісті жұмыстарды ұйымдастырады”, – деп мәлімдеді әкімдік.

Сонымен қатар Созақ ауданы, Қаратау ауылдық округіне қарасты Бақырлы ауылына кіре берістегі көпірді де су шайып кеткен. Әкімдік көпірді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиға орнында уәкілетті органдардың, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері жұмыс істеп жатқаны айтылады.

Бұған дейін синопниктер Қазақстанның басым бөлігіне су тасқыны қаупі төніп тұрғанын айтып ескерткен.

Loading...