Қазақстандық төрт жоғары оқу орны Қонаевқа көшеді

Төрт қазақстандық ЖОО Қонаевқа көшеді.

Stan.kz

31 тамызда Қонаевта Алматы облыстық әкімдігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Qonayev Academic Campus Fund коммерциялық емес ұйымының басшыларының қатысуымен "өзара ынтымақтастық туралы" үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті,- деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Бұл келісімге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қонаев академиялық қалашығын" салу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қол жеткізілді.

"Келісім шеңберінде еліміздің төрт университетін кампус аумағына көшіру (1-кезеңде) және 2024-2027 жылдар кезеңінде 2023-2024 жылдары толық инфрақұрылымды жүргізе отырып, төрт шетелдік университетті (2-кезеңде) ашу, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаражат тарту, ғылыми-зерттеу орталықтарын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі", – делінген хабарламада.

Loading...